«Жолдау-2018: білім – болашаққа басты бағдар»

23.10.2018

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында,

ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».

Н.Ә.Назарбаев

Осы тақырыпқа арналған сынып сағатының басты мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

1 курс студенттерімен Елбасының 2018 жылдың 5 қазанында күні халыққа жолдауы туралы өз пікірлерін айтып, жақсы білімдерін көрсетіп, басым бағыттары туралы талқылау жүргізілді. Біз педагогикалық білім беру мекемесі болғандықтан, бұл мәселе бізге тікелей байланысты. Қазіргі кезде білім беру сапасына қойылатын талаптардың артуы аса маңызды. Елбасының негізгі бастамаларына сәйкес білім берудің сапасы мен қолжетімділігіне, мектепке дейінгі білім беру сапасын жоғарылатуға, білім беру ісінде 4К моделінен туындайтын креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылатындығын айтты.

ДВ-3-18 тобының жетекшісі:
Лес Ақерке Анарбайқызы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст